Петропавлда 9 жеке үй өртенді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда өрт сөндірушілер қатты желдің салдарынан «Береке» ықшамауданындағы Cенной көшесінде өртке оранған қамысты ауыздықтай алмай әлек.  Салдарынан 9 жеке тұрғын үй қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқиға орнында облыс және қала әкімдері жүр. Қазіргі уақытта арнайы штаб құрылып, өртті ауыздықтаудың амалдарын қарастыруда.

— Сағат 19.00 шамасында «Береке» шағын ауданында қамыс өртеніп жатқаны жайында хабар түсті. Екпіні 15-20 м/с жететін қатты желдің салдарынан әрі күн ыстық болғандықтан өрт өте тығыз орналасқан жеке тұрғын үй секторына тез жайылды. Сол уақытта Петропавлда төрт жерден өрт шығып, біздің жұмысты қиындата түсті. Онда да қураған шөп жанды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды, бірақ толық ауыздықталған жоқ. Өйткені жел басылмай тұр. Әзірге шығын мөлшері туралы айтуға ерте. Осы уақытта 7 тұрғын үй және екі, біздің болжам бойынша, бос тұрған үй жанып кетті. Зардап шеккен адам бар. Қала тұрғыны қалалық ауруханаға қаралды. Өртті сөндіріп жатырмыз, — деді СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов.

Алғашында өртенген қамыстан 4 жеке тұрғын үй жанып кетті. Қазір олардың саны 9-ға жетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz