333
Бүгін Айдарбек Сапаров соғыс ардагері Иван Клименкомен бірге Мәңгілік алауға және Жеңіс саябағындағы стелаға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мерекеге орай өңір басшысы Ұлы Жеңісті қалаған майдангерлердің рухына тағзым етіп, бір минуттық үнсіздікпен қаза тапқан батырларға құрмет көрсетті.
— Жеңіс күні халқымыздың қайсарлығы мен ерлігінің үлгісі ретінде мәңгі сақталады. Қиын-қыстау кезеңдерден сүрінбей өткен соғыс және тыл ардагерлеріне бас иеміз. Бұл қанды майданда мәңгі қалған жас жауынгерлерді еске алу күні. Қаза тапқандардың ерлігі ұмытылмайды. Біз сол сұрапыл соғыстағы Жеңістің қалай келгенін ұмытпауымыз керек. Аспанымыз ашық болсын, еліміз гүлдене берсін, — дейді СҚО әкімі.