Пробация қызметінің полицейіне мемлекеттік медаль табысталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста адам өмірін сақтап қалған пробация қызметінің полицейі медальмен марапатталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 мамырдағы Жарлығына сәйкес, Мағжан Жұмабаев ауданындағы пробация қызметінің бөлім инспекторы Ғалымжан Байбусинге есепте тұрған азаматтың өміріне арашаға түскені үшін «Ерлігі үшін» медалі табысталды.

Ғалымжан Байбусин оның қарауындағы учаскеде тұратын сотталғандардың бірі күнделікті шақырту бойынша пробация қызметіне келмеген соң, оны электрондық бақылау құралы арқылы іздеп көрген. Алайда бұдан еш нәтиже шықпағандықтан есептегі азаматтың үйіне баруға тура келіпті. Баспананың есігі құлыптаулы болған. Ал терезесінен түтін көрінді. Осы кезде үйдің ішінде иесі бар болуы мүмкін деген ойман Ғалымжан Байбусин учаскелік инспектормен бірге ішке кіруге ұмтылады. Кейін полицейлер төсекте ес-түссіз жатқан сотталушыны тауып, оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ер адам аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.

Ғалымжан Байбусиннің қырағылығының және уақтылы көрсетілген алғашқы медициналық көмегінің арқасында адам өмірі сақталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz