Жедел жәрдем қызметкерлері нәрестені аман сақтап қалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда жедел жәрдем қызметкерлері жаңа туған нәрестені өлім аузынан аман алып қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының директоры Юрий Белоногтың айтуынша, оқиға сәуір айының соңында болған. 103 нөміріне 19-шы шағынауданда Нива көлігінде әйелдің босанғандығы туралы хабар түседі. Оқиға орнына фельдшер Александр Рема мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Амангелді Тұрғымбаев жеткен.  Нәрестенің  кіндігі мойнына оралып қалыпты. Фельдшер көгеріп кеткен шақалақты  құтқаруға кіріседі.

— Сәбидің салмағы — 2 килограмм 700 грамм.  Маман  нәрестені құтқару шарасын PALS стандарты бойынша жедел жәрдем көлігінде жүргізген. Нәтижесінде 5-6 минуттан кейін шарана  өздігінен дем алып, Апгар шкаласы 5 балға дейін көтерілді, — дейді Юрий Белоног.

Жедел жәрдем көлігі нәрестені аман-есен перинаталдық орталыққа жеткізіп, мамандарға табыстады. Ана мен бала  бірден жансақтау бөліміне ауыстырылып, оларға реаниматологтар мен неонатологтар тиісті көмек көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz