Он мың солтүстікқазақстандық қаржылық жағынан сауатты болады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша оқыту басталды. Жыл соңына дейін өңір ауылдарының 10 мыңға жуық тұрғыны өз қаржысын сауатты басқаруды үйренеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Атылмыш жобаны «Halyk Bank» АҚ бірлесіп «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асыруды қолға алды. Ол халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Жобаға несие бойынша қарыздары және мерзімі өткен төлемдері бар ауыл тұрғындары қатысады. Сондай-ақ, оның шарттарын мемлекеттен жеңілдетілген несие алғысы келетін, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер пайдалана алады. Оқыту бағдарламасы қаржылық жоспарлау және бюджетті басқару бойынша кеңес беруді де қамтиды.
Оқыту тегін, осы жылдың соңына дейін жалғасады. Мамыр айында жоба Аққайың, Есіл, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар және Мамлют аудандарында басталды. Болашақта жобаға басқа аудандар қосылады. Тренингтер 5 күн ішінде өтеді, әр топта 30-дан 50-ге дейін адам оқиды.

— Көбінесе адамдар несие алады, тез өтеуге сенеді, бірақ содан кейін несиелер жинақталады, олар одан да көп болады. Біздің идеямыз – азаматтарды өз қаржысын тиімді басқаруға және шығындарын жоспарлауға үйрету. Жоба оларға қарыз жүктемесін қалай жеңілдетуге болатыны туралы практикалық кеңестер алуға көмектеседі. Сонымен қатар, азаматтар қаржылық мәселелердің қалай қалыптасатынын, алаяқтық әрекеттерді қалай тануға болатынын біле алады, — дейді «AMANAT» партиясы СҚОФ төрағасы Әсем Рахметова.⠀

«Қарызсыз қоғам» жобасы қазіргі уақытта еліміздің Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында жүзеге асырылуда. Бағдарламаны толық қаржыландыруды «Halyk Bank» өз мойнына алды. Оқу барысында борышкерлерге тегін заң көмегін көрсету жоспарлануда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz