Ел көлемінде «Парыз» байқауына өтініш қабылдау жүріп жатыр. Науқан сәуірдің 13-і мен шілденің 1-і күндері аралағында өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, байқау 2 кезеңнен тұрады. Оған қызметін кем дегенде 3 жыл атқарып жүрген кәсіпорындар қатыса алады.
— Жылда байқауға 30-ға жуық өңірдің кәсіпорны қатысады. Биыл да өтініштер көбірек түсетініне сенімдіміз. Өткен жылдың өзінде 3 бірдей іскер азамат арнайы аталымдар бойынша жеңімпаз атанды. Олардың қатарында «Радуга» ЖШС, «Ақселеу» және «Мәмбетов и К» КС бар, – дейді СҚО халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Алтынбек Әнуарбеков.