Петропавлда әкімдік коммерциялық мақсаттағы жер учаскесін тұрғын үй салуға беріп жіберген

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жергілікті атқарушы органдардың жер заңнамасын сақтауын тексеру шеңберінде Петропавл қаласының прокуратурасы өрескел заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскесін беру кезінде уәкілетті органдар қолданыстағы ережелерді елемей, пайдалану үшін беруге жатпайтын ауданы 0,0150 га жер учаскесінің бір бөлігін заңсыз берген.

Мәселен, Петропавл қаласы прокурорының актісі бойынша аукционнан тыс берілген жалпы құны 172 миллион теңге болатын 6,8 га жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Анықталғандай, бұл жер учаскесі құрылыс салушылардың біріне әкімдіктің 2021 жылғы маусымдағы қаулысымен көп қабатты тұрғын үйлер салу үшін конкурстан тыс инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген.

Алайда, мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін инвестициялық жобаны айқындау ережелері тек 2022 жылдың қаңтарынан бастап (яғни, жер учаскесі берілгеннен кейін 6 айдан кейін) қолданысқа енгізілді.

Осылайша, инвестициялық жоба мүлдем болған жоқ.

Басқа жағдайда, қаланың 69 жер пайдаланушысы тарапынан жер учаскелерін сатып алу-сату шарттары бойынша сомаларды төлеу бойынша шарттық және салық міндеттемелерін орындамау фактілері бойынша мемлекет бюджетіне 119 млн теңге өндірілді.

Облыстың Әдеп жөніндегі кеңесі мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауапты лауазымды адам «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz