Қазақстанға 760 миллиард теңге қайтарылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
12 мамырда Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Қазақстанға 760 миллиард теңге қайтарылғанын хабарлады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Бұл туралы ол Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтты.

— Арнайы заңның қабылдануын күтпей-ақ, бірлескен күш-жігердің арқасында 760 миллиард теңгенің активтерін елге қайтаруға қол жеткізілді. Қайтару шараларын комиссияның барлық мүшелері мен тартылған мемлекеттік органдар жүргізіп жатыр, — деді Берік Асылов.

2022 жылғы 8 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында екі ай мерзімде заңсыз әкетілген қаражат пен ол жақтан сатып алынған активтерді елге қайтару жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды. Ведомствоаралық комиссия құрылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz