Қазақстанда сыбайлас жемқорлық үшін сотталған әрбір төртінші адам ішкі істер органдарында жұмыс істеген

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотқа тартылған әрбір төртінші адам ішкі істер органдарында қызмет атқарған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Finprom.kz порталының жазуынша, 2023 жылдың бірінші тоқсанында елде 414 адам жемқорлықпен ұсталған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8 пайызға аз. Оларды күдікті деп тану туралы қаулы шығарылды.

2022 жылдың осы кезеңінде 450 ұсталған, бұл 2021 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 13,6%-ға аз.

414 күдіктінің ішінде 307 адам ауыр, 88 адам орташа, 16 адам аса ауыр, 3 адам ауыр емес қылмыс жасаған.

Өңірлік тұрғыда сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктердің көбі Астанада тіркелген: 64 адам, бір жыл бұрынғыдан 14,3%-ға артық.

— Өңірлер үштігіне Алматы (55 адам) және Түркістан облысы (37 адам) кірді. Одан кейін Шымкент (29 адам) және Ақтөбе облысы (27 адам) тұр, – делінген зерттеуде.

 

Күдіктілердің ең азы Ұлытау және Абай (әр облыста 2 адамнан), сондай-ақ Павлодар (6 адам) және Қызылорда (8 адам) облыстарында тіркелді.

Күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған тұлғалардың көбі пара берді деген күдікке ілінген: 155 адам. Тағы 124 адам пара алды, 58 адам сыбайлас жемқорлыққа қатысты алаяқтық жасады, 19 адам бөтеннің мүлкін иемденді немесе жымқырды, 18 адам билікті асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотқа тартылғандардың ішінде басым бөлігі, яғни 26,1% -ы ішкі істер органдарының қызметкерлері болды: 61 адам.

Сотқа тартылғандардың қатарында әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің (39 адам), Қаржы министрлігінің (7 адам), Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (6 адам), сондай-ақ Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері(4 адам) бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz