Министрлік «Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін проактивті көрсету кезінде адами факторды толығымен алып тастады. Бұл оны көрсету мерзімін 1 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
— Бұған дейін бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлерінің қатысуымен көрсетілген және оны көрсету мерзімі 8 жұмыс күні болған. Биыл ақпан айында аталған жәрдемақыны тағайындау туралы өтінішті қарау автоматтандырылды. Бұл 4 жұмыс күні ішінде қызмет көрсетуге мүмкіндік берді. Келесі кезең адами факторды толығымен алып тастау болды – мамыр айының басынан бастап мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау министрліктің ақпараттық жүйелері арқылы жүргізіледі. Бұл қызмет көрсету мерзімін тағы 1 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді, — делінген министрлік хабарламасында.
Қызметті проактивті форматта 1414 бір ғана SMS-хабарламасына жауап беру, жәрдемақыны проактивті ресімдеуге келісім беру және банк шотын растау арқылы алуға болады. Қызмет көрсету үшін барлық қажет мәлімет мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түседі.