Qyzyljarnews.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Әлеумет
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт
  • Оқиға
RU
Qyzyljarnews.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Әлеумет
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт
  • Оқиға
RU
Qyzyljarnews.kz
RU
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Әлеумет
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт
  • Оқиға
ЖаңалықтарБілімРедакция таңдауы

Мектеп түлектерінің кештеріне ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады – ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Авторы: Qyzyljar News 16.05.2023
Авторы: Qyzyljar News 16.05.2023
496
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте биылғы оқу жылының соңында мектептерде салтанатты іс-шараларды өткізуге қойылатын талаптар туралы хабардар етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ол әрбір мектептің салтанатты шараны, соңғы қоңырау өткізу туралы шешімдерді дербес қабылдайтынын айтты. Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырау өткізуге қатысты мектептердің осыған дейінгі дәстүрлерін қолдайтынын жеткізді. Дегенмен, вице-министр министрліктің нормативтік құжаттарында бұған дейін де, қазір де мұндай іс-шара қарастырылмағанын атап өтті. Соңғы қоңыраулар өткізілген жағдайда, министрлік бұл іс-шараны 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орайластырып, соның форматында өткізуді ұсынып отыр.

— Тағы бір айта кететін мәселе, 9-11 сынып түлектері бітіру емтихандарын тапсырады. 9 сынып бітірушілер қорытынды мектеп емтихандарын 2-13 маусым аралығында тапсырады. Ал 11 сынып бітірушілер үшін мемлекеттік емтихандар 5-19 маусым аралығында өтеді.  Аттестаттарды тапсыру бойынша салтанатты іс-шаралар өткізіледі, бұл іс-шараларды министрлік 20, 21, 22 маусым күндері өткізуді ұсынып отыр, — деді Шолпан Қаринова.

Сондай-ақ ол сынып сағаттарын өткізу кезінде, салтанатты түрде атестаттарды тапсыру кезінде, салтанатты шаралар өткізген кезде педагогикалық этиканы сақтау және сыбайластық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан іс-шараны өткізуге немесе аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды жалдап шақыру үшін қаражат жинауға тыйым салынатынын ескертті. Педагогтерге, мектеп әкімшіліктеріне сыйлық жасау бойынша ата-аналардан қаражат жинауға да министрлік тарапынан қатаң түрде тыйым салынады.

— Колледждерде қорытынды аттестаттау биыл 28 маусымға дейін созылады. Оларды биыл 144 мыңнан аса түлек аяқтайды. Колледж түлектерінің дипломдарын салтанатты түрде тапсыру рәсімдерін 28 маусым – 1 шілде аралығында өткізу ұсынылады, – деді оқу-ағарту бірінші вице-министрі.

ата-аналарБіліммектепоқушылартүлектер
0 пікір 0 FacebookWhatsappTelegramEmail
Qyzyljar News

алдыңғы жаңалық
Қос балуан ұлттық құрамаға алынды
келесі жаңалық
Отбасы күнінде көпбалалы үш полицей марапатталды

Ұқсас жаңалықтар

БОЗДАҚТАРДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

14.05.2025

ЗИРАТҚА БАРА ЖАТҚАНДА ҚАЗА ТАПТЫ

29.04.2025

ТЫНЫМСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

28.04.2025

БІРНЕШЕ ЗАУЫТ САЛУҒА НИЕТТІ

25.04.2025

ҚАРҒЫН СУ ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ

25.04.2025

СУҒА КЕТКЕН ҮЙЛЕРДІҢ ОРНЫ САЯБАҚҚА АЙНАЛАДЫ

24.04.2025

САЯБАҚҚА КӨШЕТ ЕКТІ

22.04.2025

Дрондар – полиция көмекшісі

18.04.2025

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының кеңейтілген алқа мәжілісі

18.04.2025

СУБСИДИЯ СЕРГЕЛДЕҢІ

16.04.2025

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • БОЗДАҚТАРДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

    14.05.2025
  • ЗИРАТҚА БАРА ЖАТҚАНДА ҚАЗА ТАПТЫ

    29.04.2025
  • ТЫНЫМСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

    28.04.2025
  • БІРНЕШЕ ЗАУЫТ САЛУҒА НИЕТТІ

    25.04.2025
  • ҚАРҒЫН СУ ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ

    25.04.2025
  • СУҒА КЕТКЕН ҮЙЛЕРДІҢ ОРНЫ САЯБАҚҚА АЙНАЛАДЫ

    24.04.2025
  • САЯБАҚҚА КӨШЕТ ЕКТІ

    22.04.2025
  • Дрондар – полиция көмекшісі

    18.04.2025
  • Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының кеңейтілген алқа мәжілісі

    18.04.2025

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

  • ҚР СҚО, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7.
  • Телефон: +7 7152 360694
  • Эл.почта: qyzyljarnews@mail.ru
Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz
Facebook Twitter Instagram Email
Qyzyljarnews.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Әлеумет
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт
  • Оқиға