Павлодарда белбеу күресінен ересекетер арасында ел біріншілігі өтті. Республикалық жарыста жүлдегер атанған солтүстікқазақстандық балуандар ұлттық құрама сапына алынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ел біріншілігінде жерлестеріміз екі жүлделі орынға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша 68 килограмм салмақта өнер көрсеткен Рахат Амангельдин күміс медальді еншіледі. Ал 57 килограмм салмақта Тобыл Құрғұнбаев қола жүлдегер атанды. Қос балуан ұлттық құрама сапына алынып, Азия және әлем чемпионаттарына қатысатын болды.