Халықаралық жарыста солтүстікқазақстандық велошабандоз топ жарды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Тректегі велоспорттан Чехияның Прага қаласында өткен халықаралық турнирде солтүстікқазақстандық спортшы Артём Захаров жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жерлесіміз тректегі омниум сынында жақсы нәтиже көрсетті. 117 ұпай жинақтаған Артем Захаров мәре сызығын бірінші болып кесті.

– Жарыста топ жару оңайға соқпады. Дегенмен мен жеңіс үшін аянбадым. Нәтиже көріп тұрғандарыңыздай – бірінші орын, – дейді Артем.

Байрақты бәсекеге 17 елден 140-қа жуық велошабандоз қатысты. Артем бірінші орын иеленсе, күміс жүлдеге украиналық спортшы қол жеткізді. Ал қола медаль Латвия мемлекетінің өкіліне бұйырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz