СҚО-да екі қала тұрғынынан 464 келі есірткі тәркіледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері соңғы 10 жылдың ішіндегі ең ірі есірткі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстікқазақстандық полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі жеткізу арнасының жолын кесіп, аса ірі көлемде марихуана партиясын тәркіледі. Күдіктілерді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері құрықтады.

«Петропавл – Астана» автожолында тәртіп сақшылары «Volkswagen Passat» автокөлігінің жүргізушісінен көлікті тоқтатуды талап еткен. Алайда жүргізуші полицейлердің заңды талабын елемей, жасырынбақ болады. Көп ұзамай жедел уәкілдер «темір тұлпарды» Аққайың ауданындағы Астраханка ауылының маңында тоқтатты. Көлік ішінде 29 және 30 жастағы екі петропавлдық болды. Жасы кішісі бұрын есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмысы үшін істі болған. Жүксалғыштан өсімдік тектес зат салынған 5 қап тәркіленді. Сараптама оның жалпы салмағы 128 келі кептірілген марихуана екенін көрсетті. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Кейінірек тінту шаралары барысында ұсталғандардың бірінің көлікжайынан 300 келі марихуана мен 21,3 келі гашиш жасырылған орын анықталды. Осылайша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 464 келіні құрады.

– Бұл соңғы 10 жылда облыс полицейлері тәркілеген ең ірі марихуана партиясы. Аталған факті ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдіктілер қамауға алынды, тергеу жүргізіліп жатыр, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

ubn1

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz