Қала тұрғыны алаяқтарға 1 млн. теңгеге жуық қаражатын аударған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Алаяқтар 21 жастағы Петропавл тұрғынынан 1 млн. теңгеге жуық қаражатты иемденіп алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері 10-нан астам солтүстікқазақстандық интернетте «жылдам табыс табуды» уәде еткен алаяқтардың құрбаны болды. Олардың бірі – 21 жастағы Петропавл тұрғыны.

Жас жігіттің айтуынша, ол әлемге әйгілі «YouTube» бейнехостингінде жалған жарнамаларды кездестіретінін күтпеген. Сондықтан ер азамат ірі мұнай компанияларының бірі биржада ақша табуға уәде береміз деген бейнероликке сеніп қалған. «WhatsApp» мессенджерінде алаяқтар оған «биржалық қосымшаны» жүктеу үшін сілтеме жіберіпті. «Трейдерлермен» байланыс «Skype» арқылы жүзеге асырылған, қоңыраулар бірде қазақстандық, бірде британдық нөмірлерден келіп түскен. Ірі олжаға кенелетініне сенген қалалық тірнектеп жинаған 700 мың теңгесін және несиеге алынған 250 мың теңгені «инвестицияға салған».

Алаяқтар петропавлдықтан тағы бір несие алып, «биржалық ойынға миллион теңге салуды» талап ете бастайды. Содан кейін жас жігіт интернеттен осы биржа туралы пайдаланушылардың пікірлерін іздестіріп, желілегі алаяқтардың құрығына түскенін түсінеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz