«Яндекс» интернет-платформасында тіркелген такси жүргізушілері пилоттық жобаға ерікті түрде қатыса алады.
— Ол үшін Азаматтарға «e-salyq Business» мобильдік қосымшасын пайдаланып, арнайы салық режимін қолдана отырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет, – деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
— Интернет-платформа операторынан алынатын орындаушылардың табыстары туралы мәліметтер негізінде салық пен әлеуметтік төлемдер сомаларын есептеуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады әрі операторға такси жүргізушілерінің табыстары бойынша есептелген салық және әлеуметтік төлемдер сомалары туралы мәліметтерді береді, – делінген хабарламада.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, интернет-платформа операторы салық пен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды және төлеуді кейіннен тиісті қорлар арасында бөлу әрі аудару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банк шотына әрбір әлеуметтік төлемге жеке төлем тапсырмалары арқылы жүргізетін болады.