Жауапсыз мердігермен келісім бұзылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысқан облыс әкімі Айдарбек Сапаров іргелес аумақтарды абаттандыру жұмысына да баса назар аударды. Бірқатар мердігерлердің жұмысына көңілі толмаған өңір басшысы өзіне жүктелген міндетті сапалы орындамаған компаниялармен келісімді бұзу керек екенін атап өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі mtrk.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Ең алдымен «Жас өркен» шағынауданындағы Горький көшесінде салынып жатқан үйдің құрылыс алаңында болды. 2021 жылдың маусым айында құрылысы басталған нысан әлі күнге дейін пайдалануға берілмеген. Мұнымен қоса, құрылыс жұмысына жауапты компания тиісті аумақты абаттандыруға да кіріспепті. Өңір басшысы тұрғын үйді 15 маусымға дейін қолданысқа беруді тапсырды.

– Құрылыс жұмысы толығымен аяқталмаған. Абаттандыру жұмысы басталмаған. Нысанда қазір 25 адам еңбек етіп жатыр. Алдарыңызға нақты міндет қойылғандықтан, жұмыс та кестеге сәйкес жүруі керек, – деді Айдарбек Сейпілұлы.

Келесі үйге қатысты конкурс 2022 жылдың қаңтар айында өткенімен, құрылыс жұмыстары әлі күнге дейін басталмаған. Дегенмен мердігер үйді жылдың аяғына дейін тапсырамыз деп сендіріп отыр. Тиісті материалдар сатып алынды, техника дайын тұр. Жұмыс жер үйлердің уақтылы бұзылмауынан кешеуілдеген көрінеді. Осы ретте өңір басшысы жер үйлерді толығымен бұзып, құрылыс алаңы дайын болғаннан кейін ғана конкурс жариялап, мердігер компанияны белгілеу керек екенін айтып, жұмысты тездетуді тапсырды.

Уәлиханов көшесіндегі жаңа үйлердің аулалары да алқам-салқам. Дәл осы жауапсыздық «Береке» шағынауданында құрылысы аяқталған үйлерге де тән. Облыс әкімі тұрғын үйлер бойынша барлық шарттарды қайта қарастырып, қажет болған жағдайда мердігермен арада жасалған келісімді бұзу керектігін айтты. Содан кейін басқа құрылыс компаниясы іздестіріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz