Жыл басынан бері облыс полицейлері интернет-алаяқтыққа қатысты 243 деректі тіркеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Интернет-алаяқтықтың фактілері көбіне Петропавлда анықталады. Алданғандардың арасында екінші қалалық аурухананың қызметкерлері де жоқ емес. Сондықтан полицейлер аталған қылмыстардың санын азайту мақсатында денсаулық сақтау мекемесінің ұжымымен кездесті.
– Қауіпсіздіктің негізгі ережесі: белгісіз адамдар сізге хабарласқан кезде қаржыға қатысты кез келген ақпаратты ресми арналар арқылы бірнеше рет тексеру қажет. Алаяқтардың айла-амалдары туралы хабардар болу – қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудың сенімді құралы, сондықтан еңбек ұжымдарымен осындай кездесулерді полиция қызметкерлері тұрақты негізде өткізеді, – дейді Екінші ПБ бастығы Талғат Смағұлов.