Халықаралық музей күніне орай Петропавлға Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайының көшпелі көрмесі келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Көшпелі көрме «Абылай хан резиденциясы» мұражай-кешенінде салтанатты түрде ашылды. Уәлиханов ауданы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайының қызметкерлері тұрғындар назарына 50-ге жуық жәдігер ұсынды. Құнды экспонаттардың қатарында Уәли ханның кіші әйелі Айғанымның қамзолын да көруге болады. Бұл киімнің тарихы 100 жылдан асады.

Көрмеде мұражай қызметкерлері Айғанымның өмірі жайлы сыр шертіп, тың деректермен бөлісті. Мәдени ошаққа келгендер Шоқан Уәлихановтың әжесінің қорапшасын, күмістен жасалған самауыр-шәйнегін, жапырақ тәріздес күл салғышын көре алды. Сондай-ақ, көп деректерде айтыла бермейтін Шоқанның туысы Мақының өз қолынан шыққан қаңылтыр қорабы көпшіліктің таңданысын тудырмай қоймайды

Шарада Шоқан Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы мен «Абылай хан резиденциясы» мұражай-кешені рухани мұраны сақтауда және өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тағылымға толы көрмені облыстық Ақан сері атындағы филормония ұжымының өнерпаздары өз өнерлерімен көркемдеп, көрермендерге керемет әсер сыйлады. Ерекше көрме 31 мамырға дейін жұмыс істемек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz