Қалалықтардың құжаттары қалыпқа келтіріледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Береке» шағынауданында орын алған алапат өрттің салдарынан үй-күйсіз қалған тұрғындар баспаналарының құжаттарын қалпына келтіру үшін өтінім бере бастады. Әзірге қызыл жалынның тигізген залалын сезінген қалалықтар уақытша жалға берілген пәтерлерде тұрып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жанып кеткен мүлікті бағалау үшін тиісті сараптама тағайындалды. Соған сәйкес жапа шегушілерге өтемақы беріледі.

 — Өрттен келген шығынды бағалау бойынша екі есеп жасалады. Біріншіден, үйлердің құны есептеледі, екіншіден тұрмыстық техника, жиһаз сынды тағы басқа мүлік есепке алынады. Мәселе нақты шешілген жоқ, дегенмен тұрғындарға өздері үй сатып алу үшін қаржылай өтемақы берілгені дұрыс деп ойлаймын. Әкімдік тарапынан төленген ақша жетпеген жағдайда демеушілердің көмегіне жүгінеміз. Қазірдің өзінде қолдау көрсетуге дайын компаниялар бар, — деді қала әкімі Руслан Аңбаев.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz