Шетел азаматтарының Қазақстан банктеріне берешегі 120 млрд. теңгеден асады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Шетел азаматтарының Қазақстан банктеріне берешегі 120 млрд. теңгеден асады. 2 мыңға жуық жеке және 42 заңды тұлға отандық қаржы ұйымдарынан несие алған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Сергей Карплюк айтты. Депутат дерегінше, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері арасында несие мәліметін алмасу тәртібі айқындалмаған. Демек, Одаққа мүше елдердің азаматтары кез келген мемлекеттің екінші деңгейлі банктерінен қарыз алуға құқылы. Қаржылық қалыпты ретке келтіру үшін жоғары палата бүгіннен бастап несие тарихы бойынша мәлімет алмасу құжатын күшіне енгізіп отыр.

— Бұл жерде несие тарихы маңызды. Оны бөлісу не үшін қажет? Біріншіден, бұл адал қарыз алушылар үшін банктік қызметтерге қолжетімділікті арттырады. Басқаша айтқанда, оларға Еуразиялық одақтың кез келген елінің банкінен несие алу оңайырақ болады. Екіншіден, бұл қаржы ұйымдарына да тиімді. Сол арқылы олар өз тәуекелдерін азайтады. Келісім алмасу тәртібін және берілетін ақпараттық тізбесін қамтиды. Бұған мыналар кіреді: кредиттік есеп беру туралы сұрау салу, кредиттік есептің өзі, кредиттік тарих субъектісінің келісімі, сондай-ақ оның дауласуына қатысты құжаттар, – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Карплюк.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz