Соғыс ардагері Қожатай Некібаев өмірден өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін 97 жасқа қараған шағында соғыс ардагері Қожатай Сейтахметұлы Некібаев дүниеден өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі жеке парақшасында ардагердің отбасы мен туған-туысқандарына көңіл айтты.

— Жуырда Жеңіс күнінде майдангердің үйінде болған едім. Қожатай Сейтахметұлы өмірінің соңғы күндеріне дейін қайратты әрі жігерлі қалпынан таймады. Әскерде болған оқиғаларын айтып, даналық кеңестерін беріп отырды. Сол сұрапыл соғыстың ардагерлері бізге бақытты да еркін өмір сыйлады. Олардың ерліктерін әрқашан есте сақтап, құрметтеп, кейінгі ұрпаққа жеткізуіміз керек, – деп жазды СҚО әкімі.

Қожатай Сейтахметұлы соғысқа 17 жасында аттанды. 2-ші Украина майданында фашистерге қарсы күресіп, Румыния, Австрия және Чехословакия елдерін азат етті. Жеңісті жерлесіміз Венада қарсы алды.

Солтүстікқазақстандық батырдың ерлігі жоғары бағаланып, оған «2-дәрежелі Отан соғысы» ордені және түрлі медальдар табысталғаны белгілі.

Ардагер елге оралысымен 30 жылдан астам уақыт Жамбыл ауданында бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етті. Жұбайымен бірге 10 бала тәрбиелеп өсірді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz