«Қызылжар» клубы «Астана» командасына жеңілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Футболдан ел біріншілігінің 10-шы турында елордада «Астана» клубы «Қызылжар» командасына қарсы ойнады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан премьер-лигасының үздіктері арасындағы биылғы бірінші кездесу «Астана арена» стадионында өтті. Бұл ойында жерлестеріміз 3:2 есебімен есе жіберді. Матчтағы алғашқы голды «Қызылжар» қақпасына Вараздат Ароян соқты. Кейін елордалықтар есепті еселеді. Осы жолы Абат Айымбетов мергендігімен танылды. Солтүстікқазақстандықтар да қарап қалмай, бірінші таймның соңына қарай Пернамбуко нәтижелі соққы жасады.

Екінші таймда жерлестеріміз таразы басын теңестіруге барын салды. Нәтижесінде қызылжарлықтардың қауіпті шабуылдарының бірінде «Астана» клубының қақпасына он бір метрлік айыпдобы белгіленді. Нүктеге келген Иван Граф есепті 2:2-ге жеткізді. Ойынның қосымша уақытында астаналықтар жеңісті жұлып әкетті. Бұл жолы Эльхан Астановтың соққысы елордалықтарға қажетті үш ұпайды еншілеуге көмектесті.

Әзірге көш басында «Астана» клубы, «Ордабасы» командасы екінші орында келе жатыр. Ал жерлестеріміз үшінші орынға жайғасты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz