Экологтардан, полиция қызметкерлерінен және әкімдік қызметкерлерінен құралған мобильді жұмыс тобы Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданы мен Петропавл қаласын аралады. Бұл туралы Petropavlovsk.news жазды.
— Петропавлда іссапарлар барысында 25, Қызылжар ауданында 12, Жамбыл ауданында 1, Есіл ауданында 1, Мамлют ауданында 8 рұқсат етілмеген қоқыс шығару орны, сонымен қатар 3 белгіленген талаптарды бұзу фактіcі тіркелді. Оларды жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін әкімдіктер мен ішкі істер органдарына хаттар жолданды, — деді облыстық экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов.
Анықталған 47 полигонның 10-ы жойылды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының экология департаментінің басшысы. Басқа да заңсыз қоқыс жинайтын орындарда жұмыс жалғасады, деп сендірді экологтар.