СҚО экологтары рұқсат етілмеген 40-тан астам қоқыс үйіндісін анықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Солтүстік Қазақстан облысының экология департаментінің қызметкерлері облыс өңірлерінен қырықтан астам заңсыз қоқыс үйіндісін анықтады. Оның жиырмадан астамы әкімшілік орталық — Петропавлда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Экологтардан, полиция қызметкерлерінен және әкімдік қызметкерлерінен құралған мобильді жұмыс тобы Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданы мен Петропавл қаласын аралады. Бұл туралы Petropavlovsk.news жазды.

— Петропавлда іссапарлар барысында 25, Қызылжар ауданында 12, Жамбыл ауданында 1, Есіл ауданында 1, Мамлют ауданында 8 рұқсат етілмеген қоқыс шығару орны, сонымен қатар 3 белгіленген талаптарды бұзу фактіcі тіркелді. Оларды жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін әкімдіктер мен ішкі істер органдарына хаттар жолданды, — деді облыстық экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов.

Анықталған 47 полигонның 10-ы жойылды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының экология департаментінің басшысы. Басқа да заңсыз қоқыс жинайтын орындарда жұмыс жалғасады, деп сендірді экологтар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz