Қазақстандық теннисші канадалық Габриэль Диалломен (әлемнің 146-ракеткасы) ойнап, оны екі сетте 6:4, 7:6 жалпы есебімен жеңді. Матч 1 сағат 52 минутқа созылды.
22 жастағы Тимофей Скатов — әлемдік рейтингідегі Александр Бубликтен (АТР бойынша 48-орын) кейінгі Қазақстанның екінші ракеткасы.