Биыл Уәлиханов ауданындағы жолдың 100 шақырымы жөнделеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Уәлиханов ауданындағы Бидайық ауылының жолдары жөнделуде. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 390 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Qyzyljartv.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Мемлекеттік бағдарлама аясында Бидайық ауылының 5 шақырымға жуық ауылішілік жолы жөнделеді. Бүгіндері тиісті жұмыстар басталып кетті.

Уәлиханов аудандық құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпаратына сәйкес, биыл ауданның 100 шақырымды алып жатқан жол ретке келтіріледі.

– Өндіріс, Жұмысшы, Мырзағұл ауылдарына апарар 35 шақырым жолға 500 млн. теңгеге қиыршық тас төселмек. Бұдан бөлек Көктерек, Қайрат, Жас Қайрат елді мекендерінінің 30 шақырымы қалыпқа келтіріледі. Тельжан ауылының 6,2 шақырымын құрайтын ауылішілік жол да жөнделеді Дәл осындай жұмыс Қулыкөлде де іске асырылмақ. Онда 6 шақырым жолға жаңа асфальт төселеді, – дейді аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Амангелді Қойшыбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz