Мемлекет басшысы «Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Айта кетейік, 20 сәуірде мәжіліс отырысында «Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісім» ратификацияланды.
ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары бекітілген. Стратегиялық бағыттардың бірі – Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде жүк транзитінің бірыңғай жүйесін дамыту, оның ішінде жүктер транзитіне кепілдік тетіктерін жетілдіру.Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.