101 жастағы соғыс ардагері жауынгерлер рухына тағзым етті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Соғыс ардагері Валентина Волкодав «Мәңгілік алау» монументі мен «Жеңіс» саябағындағы стеллаға гүлшоқтарын қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Валентина Архиповна Жеңіс күнінде денсаулығына байланысты үйден шыға алмады. Бүгін орайы түсіп, қарт майдангер қыздарымен, қалалық ардагерлер кеңесі мүшелері және облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкерлерімен бірге Мәңгілік алау монументі мен Жеңіс саябағындағы стеллаға гүлшоқтарын қойды.

Ардагер майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минуттық үнсіздкпен еске алды.

Бүгіндері Валентина Волкодавтың жасы – 101-де. Жерлесіміз 1941 жылы қазанның 1-і күні әскер қатарына алынып, соғысқа жіберілді. Ол Беларуссия және Украина елдеріндегі ұрыс кезінде көпір салатын жасақ құрамында қызмет етті. Қарт майдангер Еділ өзенінен Берлингке дейін жеткен.
Валентина Архиповна «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Беларуссияны азат еткені үшін» медальдарымен және ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен наградталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz