Курсанттарға казарма мен дене шынықтыру орталығы салынуда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының курсанттарына арналған жаңа казарма мен дене шынықтыру және спорт орталығының корпусы салынып жатыр. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 11 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгіндері облыс орталығындағы әскери академияда бір мыңға жуық курсант білім алуда. Биыл олардың 176-сы оқуын тамамдап, лейтенант шенін алады.

Жыл сайын білім алушылар қатарының толығуына байланысты әскери академияда оқуға арналған сыныптар мен жатын орындардың жеткіліксіздігі мәселесі туындап отыр. Бұл түйткілді шешудің бірден-бір жолы жаңа казарма тұрғызу. Өткен жылы «Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық даму» жоспары аясында ғимаратты салуға рұқсат беріліп, нысанның құрылысы басталды.

– Академияның қазіргі ғимаратында оқыту орындары жеткіліксіз, жеке құрамды орналастыратын орын аз. Сол себепті жаңа корпус салу туралы шешім қабылданды. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң барлық 3 ғимарат заманауи стандарттарға сай болмақ. Нысанның бірі курсанттардың спортпен шұғылданып, тирда ату қабілеттерін машықтай алатын орталыққа айналады, – дейді Ұлттық ұлан академиясы бастығының орынбасары Тахир Исламов.

Құрылыс алаңында 150-ге жуық маман еңбек етуде. Мердігер «Ash-Stroy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 700 орынға шақталған казарманы биылғы жылдың күзінде қолданысқа беруді жоспарлап отыр. Ал дене шынықтыру және спорт орталығының корпусы қолданысқа 2024-ші жылы тапсырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz