Жерлестеріміздің өнері бағаланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Астана қаласында С.Сырлыбаевты еске алуға арналған І республикалық камералық музыка конкурс-фестивалі өтті. Қазақ ұлттық өнер университеті ұйымдастырған байқауда жерлестеріміздің жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөліп өткізілген байқауға 30 ансамбль қатысты. Алғаш рет ұйымдастырылып жатқан өнер додасына өңірімізден Ақан сері атындағы облыстық филармонияның  өнерпаздары – скрипкашы Рустем Ахмедов  пен оның жетекшісі Екатерина Лапухина қатысты.

Еліміздің әр өңірінен жиналған музыканттардың бабын отандық және шетелдік өнер майталмандары бағалады. Олар жақсы қырынан танылған жерлестеріміздің өнеріне жоғары баға беріпті.

Рустем Ахмедов пен Екатерина Лапухина «Камералық ансамбль» аталымында  ересектер тобы бойынша 3-ші орынды иеленді. Еліміздің мықты өнерпаздары бас қосатын байқауда жоғары деңгейде өнер көрсету үшін Рустем Ахмедов  жетекшісі Екатерина Лапухинамен ұзақ уақыт дайындалыпты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz