Шал ақын ауданында ара шаққан 70 жастағы әйелдің өмірі қыл үстінде. Ауыл тұрғыны дәрігерлердің уақытылы көмегінің арқасында аман қалған, Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жедел жәрдем қызметкерлерін зейнеткердің қызы шақыртты. Оқиға орнына фельдшер Сәбит Мелдебеков келгенде қарт есінен танып жатқан.
— Зейнеткер анафилактикалық шоктың салдарынан есінен танып, жағдайы нашарлады. Терісі бозғылт болып, жүрек қағысы төмендеді. Қан қысымы — 30/20-ді көрсетті. «Aslc» стандарты бойынша реанимациялық іс-шараларды дереу қабылдау керек болды. Жағдай тұрақтанған кезде науқас аудандық аурухананың қабылдау бөлмесіне жеткізілді. Қазір жағдайы бірқалыпты, алаңдауға негіз жоқ, — деді жедел жәрдем орталығының директоры Юрий Белоног.
Жәндіктердің шағуы кейде анафилактикалық шоктың дамуына әкеледі және өмірге қауіп төндіреді. Сондықтан мамандар бұл жағдайда жедел жәрдем бригадасын мүмкіндігінше тезірек шақыру қажеттігін ескертеді.