Петропавл көшелерін жарықтандыруға 200 млн. теңге бөлінеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл Петропавлдың көшелерінде 700 жаңа жарықдоидты шамдар орнатылып, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 200 млн. теңге бөлінбекші, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көшелердегі шамдарды ауыстыру жұмыстары Жұмысшы кенті, Береке, Ойқала шағынаудандары мен Совет көшесінде жүргізіледі. Сондай-ақ Есіл арқылы өтетін көпірде де жарықидодты шамдар орнатылады.

— Жоспар бойынша ескі 250 Вт-ты шамдардың орнына 180 Вт шамдар орнатылады. Бұл өз кезегінде жарықтандыру желісіне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. 4,5 мың ватт айырмашылық үлкен жарық ағыны арқылы көшедегі жарықтандыруды жақсартады. Сонымен қатар, қалада жалаңаш кабельді өзін-өзі қамтамасыз ететін оқшауланған сымға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл көше жарығын неғұрлым сенімді қуаттандыруға мүмкіндік береді, — дейді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Эльмира Сәдуақасова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz