Жазасын өтеушілер туыстарымен жүздесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қылмыстық атқару жүйесі облыстық департаментінің №50 түзету мекемесінде 1 маусым – Халықаралық балалардың құқықтарын қорғау  күніне орай «Ашық есік» күні  ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта мекемеде 200-ден астам әйел жазасын өтеп жатыр. Іс-шараға  40 сотталғанның 120-ға жуық туысы келді. Оларға түзету орны бойынша экскурсия ұйымдастырылып, сотталғандарды ұстау шарттары таныстырылды.

Түзету мекемесінде балаларға арналып алтыбақан қойылып, аквагримі бар аймақ және ішінде ойын алаңы орналасқан киіз үйлер орнатылды. Сотталғандар пицца дайындау бойынша шеберлік сыныбына қатысқан жас аспаздарға арнайы алжапқыштар мен қалпақтарды өз қолдарымен тігіп берді.  Келушілер туыстарымен кездесіп қана қоймай, сонымен қатар тағамдардан дәм татып, мерекелік концерт және ойын-сауық бағдарламасын тамашалады.

Жазасын өтеп жатқан әйелдердің бірі үшін бүгінгі күн ерекше болды. К. есімді сотталғанның туыстары кездесу үшін ғана емес, сондай-ақ оны туған күнімен құттықтауға келіпті.

– Олар әрдайым менімен хабарласып, кездесіп тұруға тырысады. Туған күнімде отбасымның жанымда болатынына өте қуаныштымын. Біз балалар үшін  қызықты  бағдарлама дайындадық. Бәріміз осы күнге өте мұқият әзірленіп, ақыры жақындарымызбен кездестік. Мекеме әкімшілігіне және бүгін бізге келгендердің барлығына алғыс айтамын, – деді ол.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz