СҚО-да бір келіден астам синтетикалық есірткіні жасырған азамат сотталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Есірткі сатумен айналысқан Петропавл қаласының 30 жастағы тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сот есірткіні жасырумен айналысқан облыс тұрғынына 10 жарым жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Полицейлер есірткі жасырушы әйелді өткен жылдың күзінде арнайы орындарға жасыруға дайындап қойған синтетикалық есірткі салынған 20 қапшықпен ұстады. Оның пәтерінен 1 келіден аса ірі мөлшердегі α-PvP немесе тұз деп аталатын қауіпті есірткі тәркіленді. Қауіпті тауарды оның Астана қаласынан әкелгені анықталды. Көктемде сот оған үкім шығарды. Қазір ол бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр.

– Полиция қызметкерлері есірткі жеткізу арналары мен сату фактілерін анықтауға және олардың жолын кесуге бағытталған ауқымды жұмыс жүргізуде. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің санкциясына сәйкес 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жаза көзделген. Жыл басынан облыста соттар есірткі саудалаушыларға қатысты 10 үкім шығарды, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

СҚО полицейлері қаңтар айынан бастап заңсыз айналымнан 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркілеп алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz