Елімізде тауарлық газ өндірісі бірнеше есе артады деп күтілуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет кеңесінде газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар басшыларының қатысуымен жаңа өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру, тұрғындарды, өнеркәсіптік нысандар мен коммуналдық қызметтерді отынмен қамтамасыз ету шаралар, сондай-ақ бірқатар басқа да мәселелер талқыланды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде таяу жылдары республикада тауарлық газ өндірісі бірнеше есе артуға тиіс екені аталып өтілді.

Бұдан бөлек, газ шығынын азайту, оны пайдалану тиімділігін арттыру және есепке алу шаралары қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр құзырлы мемлекеттік органдар мен мүдделі ұлттық компанияларға саланы дамыту шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz