Петропавлда қамысты шабу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыс орталығының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке секторда қамысты шабу жұмыстары қызды.
– Мұндай жұмыс жыл сайын жүргізіледі. Биылғы жылы шабу алаңы ұлғайтылып, барлық қауіпті учаскелер қамтылды. Бірінші кезекте қамыс Береке, Ойқала шағынаудандарында жүргізіледі. Кейін қала аумағында минералданған жолақтар салынады. Оған 20 адам тартылды.
«Коммунхоз-Петропавл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысшыларды қабылдау туралы хабарландыру жариялады. Шабу жыл бойы жалғасады, — дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Биыл 250 гектар аумақта қамыс шабылады. Бұл мақсатқа 66,7 млн. теңге бөлінді.