Алтай Әлі ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Алтай Сембекұлы Әлі ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Алтай Әли 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы «Рахат Палас» қонақүйіндегі байланыс орталығының қызметкері болып бастаған.

2010-2011 — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялау бөлімінің менеджері.

2014-2015 жж – Астана қалалық сотының бас маманы.

2015-2018 жж – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді.

2018 жылы әкім аппаратының басшысы; Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі.

2018-2019 жылдары – Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары – хатшылық меңгерушісі.

2019-2020 – Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

2020 жылы — Түркістан қаласы әкімінің көмекшісі.

2021 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz