Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға түсу мүмкіндігі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Еліміздегі барлық Назарбаев зияткерлік мектептерінде «NIS challenge» шарасы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«NIS challenge» — еліміздегі Назарбаев зияткерлік мектептері түлектерінің бірлестігі — «Alumni NIS», «Даму қоры» корпоративтік қоры және мектеп әкімшілігі бірлесіп ұйымдастыратын дәстүрлі шара. Онда оқу ордаларын тамамдаған әр жылдардың түлектері мен оқушылары бірлесіп, зияткерлік ойынға қатысып, туған мектептері, еліміздің тарихы мен қайраткерлері жайлы өз білімдерін сынайды. Бұдан бөлек, шара барысында фандрайзинг жүргізіліп, түрлі заттарды сату арқылы қаражат жиналады.

— Биыл біз еліміздегі 22 зияткерлік мектептің әрқайсысынан 100 мың теңге қаржы жинамақпыз. Оны оқу грантын иеленбеген, бірақ резертік тізімге алынған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған бір балаға «Өркен» грантын алып беруге жұмсауды көздеп отырмыз. Осылайша, бүгінгі ойында жиналған қаражаттың арқасында тағы бір бала біздің мектепте білім алу мүмкіндігіне ие болды, — деп атап өтті «Alumni NIS» амбассадоры, мектептің 2022 жылғы түлегі Жайна Кенжетаева.

Бұдан бөлек, «NIS Challenge» шарасы арқылы ұрпақтар сабақтығы іске асып, түрлі жылдардың түлектері ізбасарларымен кездесе алды. Бірі туған мектептеріне деген сағыныштарын басса, өзгелері бүгінгі студенттерден ақыл-кеңес алды.

Шараға Петропавлдық NIS-ті 2017, 2019, 2021 және 2022 жылдары тамамдаған 20-дан астам түлек қатысты. Бүгінде NIS түлектерінің жалпы саны 17 мыңнан асады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz