Петропавлдағы Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты №6637 әскери бөлімінде халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мерекенің шырайын келтірген ертегі кейіпкерлері мен аниматорлар әскери қызметшілердің балаларына қызықты ойындар ойнатты. Шара барысында бөлім командирі Ғалымжан Кибаев жиналғандарға өз құттықтауын жеткізіп, бүлдіршіндерге жүрекжарды лебізін білдірді.
Мерекелік бағдарлама барысында балаларға балмұздақ үлестірілді. Балақайлар асфальт үстінде сурет салудан шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар бұл күні балалар назарына әскери қызметте қолданылатын қару-жарақ үлгілері мен техникаларды тамашалады. Мерекелік шарадан ерекше әсерге бөленген балғындарының бал-бұл жайнаған жүздерін көрген ата-аналар әскери қызметшілерге ризашылықтарын білдіріп, ел тыныштығын қорғауға бағытталған маңызды міндеттерін атқаруда сәттілік тіледі.