СҚО полицейлері балаларды автокреслосыз тасымалдаудың 168 дерегін анықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мамырдың 15-сі мен 31-і күндері аралығында облыс полицейлері «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-алдын алу шарасын өткізді. Нәтижесінде балаларды тасымалдаудың 168 дерегін тіркеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полицейлер оқушылармен кездесулер өткізіп, жол ережелерін түсіндірді. Ең алдымен олар аулалардағы кіреберіс жолдардың жанындағы сақтық, жол бойындағы ойындарға жол бермеу және белгіленбеген жерде көше қиылысын кесіп өтпеу туралы ескертті. Велосипедпен жүру кезінде жаяу жүргіншілер өткеліне өтіп, велосипедті рөлі арқылы тасымалдау керектігіне де назар аударды. Тәртіп сақшылар велосипедті 14 жастан, скутерді 16 жастан бастап басқаруға рұқсат етілетінін де айтты. Бұл ретте жол қозғалысы ережесін толық көлемде білу және сақтау қажет.

– Жыл басынан бері жолды белгіленбеген жерге немесе қызыл жарыққа өткені үшін 289 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 275 азаматқа жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылығын бермегені үшін айыппұл салынды. 168 автокөлік жүргізушісі балаларды ұстау құрылғысынсыз тасымалдағаны үшін жазаланды, — деді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz