СҚО-да жылуға және газға тарифтер өсірілмейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстағы екі монополист компания тарифтерді өсіру туралы ұсыныс айтты. Өз кезегінде өңірдегі табиғи монополияларды реттеу департаменті бұл өтініштерді қабылдамады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментіне «Севказэнерго» АҚ жылу энергиясын өсіру жөнінде ұсыныс тастап, ведомстводан оны бекітуге өтініш білдірді. Осылайша монополист компания тұтынушылар үшін тариф жобасы негізінде бір Гкал үшін төленетін ақшаны 7436,73 теңгеге жеткізу қажеттігін сұрады. Өсім – бір Гкал үшін 4135,43 теңгеге бағаланды. Коммуналдық қызмет түрін көрсететін кәсіпорынға жаңа тарифті бекітуге рұқсат берілмеді.

Департамент мамандары газ бағасының өсіруіне қатысты өтіншті де құптамады.

— Үстіміздегі жылдың 1 маусымынан бастап қолданысқа енгізіле отырып, «Горгаз-Сервис» ЖШС топтық резервуарлық қондырғылары арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының алдағы уақытта көтерілуі туралы хабарлама келіп түсті. Шекті баға жобасы бір текше метр үшін 674,6 теңгені құрады, бұл 134,2 теңгеге жоғары немесе 540,4 теңгенің қолданыстағы бағасынан 20%-ға жуық. Департамент құжаттардың толық емес топтамасына байланысты хабарламаны қараусыз қалдырды, — делінген департаменттің хатында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz