СҚО ормандарында 14 өрт оқиғасы тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында өрт қауіпті кезеңнің басталуымен 53 жедел мобильді топ құрылған. Нәтижесінде қауіпсіздік талабын бұзған 151 адам анықталып, оның тоғызына айыппұл салынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихиннің айтуынша, облыс аумағында биыл 251 өрт болып, 14 адам қаза тапты, 10-ы жараланды. 27 адамға иіс тисе, 9 адам түтінге тұншығып мерт болған.

— Орман, дала өрті толастамай тұр. Бүгінгі күні 57 га орманды алқапта 14 өрт тіркелді. Оның барлығында құрғақ шөп жанып, кейін орманға ауысқан. Жолдар мен ормандардың маңында минералды жолақтардың болмауы да себеп болған.  Ал өрт қауіпті кезең басталғалы қоқыс пен құрғақ шөпті жағудан 22 өрт тіркелді. Жалпы осы аралықта 400 рет өрт шығып, жалпы аумағы 430 га жер жанды, — дейді Дмитрий Растихин.

Өрттің алдын алу мақсатында өрт сөндірушілер полиция, жергілікті атқарушы органдармен және орман мекемелерімен бірлесе жұмыс істеп жатыр. Құрамына 314 адам кіретін 53 жедел мобильді топ құрылды. Мамандар рейдтер барысында 151 заң бұзушыны анықтап, олардың 142-сіне ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданды. Тоғызына 190 мың теңгенің айыппұлын салды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz