Президент ЕАЭО шеңберінде кредит тарихының құрамына кіретін мәліметтерді алмасу туралы заңға қол қойды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредит тарихының құрамына кіретін мәліметтерді алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Келісім Еуразиялық экономикалық одақ аясында кредит тарихы туралы ақпаратпен трансшекаралық алмасуға жағдай жасайды.

Келісім Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 1 қазандағы шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Келісімнің мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредит тарихы туралы ақпаратпен трансшекаралық алмасу үшін жағдай жасау. Келісім 2021 жылдың 21 желтоқсанында жасалған. Құжат несиелік есептерді трансшекаралық алмасу тәртібін және берілетін мәлімет тізбесін анықтайды. Мұндай ақпаратқа несиелік есеп беру туралы сұрау салу, несиелік тарих субъектісінің келісімі, несиелік есептің өзі, сондай-ақ кредит тарихындағы даулауға байланысты құжаттар жатады.

Келісім Армения, Беларусь және Қырғызстанда ратификацияланған. Ресей Федерациясында ұлттық заңнаманың нормаларына сүйене отырып, Келісімді ратификациялау талап етілмейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz