Омбы қаласында кекушинкай каратэден «Жеңіс кубогы» атты дәстүрлі жарыс өтті. Бұл халықаралық турнирге тек өңіріміздің және Омбы облысының спортшылары қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ресейде өткен турнир осымен екі жыл қатарынан ұйымдастырылды. Биылғы «Жеңіс кубогында» солтүстікқазақстандық команданың сапында 80 каратэші өнер көрсетті. Сондай-ақ жарыстың чемпиондық белбеуі үшін «Супер жек-жек» атты санатта 3 жерлесіміз бағын сынады. Нәтижесінде үшеуі де өз салмақтарында жеңімпаз атанды.
Жарыста солтүстікқазақстандықтар қоржынға 25 алтын, 21 күміс және 20 қола медаль салды. нәтижесінде жалпыкомандалық есепте жеңіс тұғырына көтерілді. Барлық жүлдегерлер естеліктер сыйлықтар мен кубогтарға ие болды.