Облыста көктемгі дала жұмыстары аяқталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО диқандары көктемгі дала жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Айдарбек Сапаров баяндады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 Үкімет отырысында сөз сөйлеген Айдарбек Сапаров өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы биыл 4,5 млн. гектарды құрағанын атап өтті. Соның 3 миллионнына дәнді дақыл, 960 мың гектарға майлы, 355 мыңға жемшөп егілді. Әртараптандыру аясында жасымықтың егістік алқаптары 100 мыңға дейін, күнбағыс 125 мың гектарға, қыша 12 мың гектарға  дейін ұлғайды.

— Ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар өнімдермен толықтыру үшін қарақұмықтың алқабы 3 есеге, картоп, сәбіз және қырыққабат алқаптары 2 есеге ұлғайтылды. Бұл шаралар өңірдің қажеттілігін толығымен жабуға мүмкіндік береді. Көктемгі дала жұмыстарын уақытылы аяқтау үшін 74 мың тоннаға жуық арзандатылған дизель отыны бөлінді. Егіс науқанына 15 мыңнан астам техника жұмылдырылды. Жыл басынан бері өңір аграрийлері қосымша 21 млрд теңге сомасына 1100-ге жуық техника мен жабдық сатып алды. Агротехникалық шараларды жақсарту шеңберінде биыл 180 мың тонна минералды тыңайтқыш алынды. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығымдылығын 3-5 центнерге өсіруге мүмкіндік береді. Егіс науқаны қолайлы агротехникалық мерзімде өткізілді. Бүгінде егін алқаптарында шаруашылықтар химиялық өңдеуге кірісе бастады», – деді Үкімет отырысында СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz