Талшық ауылында бруцеллездің анықталуына байланысты шектеу шаралары енгізіледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ақжар ауданындағы Талшық ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталды. Тиісінше, елді мекен аумағына шектеу енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

— Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі Талшық ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін, — делінген Ашық НҚА порталында жарияланған елді мекен әкімінің шешім-жобасында.

Мәлім болғандай, шектеуді енгізуге 2 бас ірі қара малдан анықталған бруцеллез ауруы себеп болып отыр.

— 1 маусымда Солтүстік Қазақстан облыстық ветеринария бөлімінде жүргізілген диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша Ақжар ауданы Талшық ауылдық округіндегі Талшық ауылында 2 бас сиырдан алынған блиологиялық материал сынамасы бруцеллезге оң нәтиже көрсетті. Осыны негізге ала отырып, ауыл аумағына шектеу белгілеу қажет, — деп түсіндірме берілген шешімге.

Құжат 21 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.

Еске салайық, таяуда Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Камышлов ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталып, аталған елді мекен аумағында шектеу жарияланған еді.

Ал, жалпы жыл басталғалы Солтүстік Қазақстан облысында бруцеллез анықталған 60 шақты малдың көзі жойылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz