Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында Азия біріншілігі өтуде. Бұл жарыста ел намысын қорғаған жерлесіміз жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстікқазақстандық спортшы Виктория Поправкина Азия біріншілігінде қола медаль иеленді. Жерлесіміз үш қарғып секіруде бағын сынап, 12,65 метрге секірді.
– Жарысқа 2004-2005 жылдары туған спортшылар қатысты. Барлығы да мықты. Біздің құрама бұл сында екі медаль иеленді. Мен қола жүлдегер атансам, тағы бір отандасымыз күмісті еншіледі. Бірінші орынға өзбекстандық атлет табан тіреді, — дейді Виктория Поправкина.