«Қызылжар» ФК-ның ел кубогындағы жорығы аяқталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Футболдан ел кубогының ширек финал ойындары өтті. «Қызылжар» клубы өз алаңында қарымта матчта «Ордабасы» командасымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қызылжарлықтар «Ордабасыға» қарсы ширек финалдың алғашқы кездесуінде 2:0 есебімен жеңілген болатын. Бұл тіркелген нәтижеден соң жерлестерімізге үйде кем дегенде 3:0 есебімен жеңіске жету керек еді. Сондықтан солтүстікқазақстандық аяқдопшылар бірінші минуттардан бастап, азулы қарсыластарынан аянып қалмады. Десе де қонақтар допқа көбірек иелік етті.

Кездесудегі бірінші және жалғыз гол ойынның 73-ші минутында соғылды. Нәтижелі соққының авторы Младен Веселинович атанды. Босниялық жартылай қорғаушы қарсылас команданың айып алаңындағы қарбаласты пайдаланып, допты қақпаға дәл бағыттай алды. Қорытынды есеп 1:0, жеңіс қызылжарлықтар еншісінде. Бірақ бұл нәтиже жартылай финалға өтуге жеткіліксіз болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz