Тайландта велоспорттан өтіп жатқан Азия біріншілігінде солтүстікқазақстандық велошабандоздар жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биыл сарықұрлықтың бәсекесінде жерлестеріміз алтыннан алқа тағынды. Ересек спортшылардан құралған ұлттық құрама эстафета сынында топ жарды. Олар 60 шақырымдық қашықтықты 1 сағат 13 минуттың ішінде бағындырды. Ел намысын отандық велошабандоздар сапында солтүстікқазақстандық Махаббат Үмітжанова да қорғады.
Ал жасөспірімдер арасында өткен эстафетада жерлестеріміз Михаил Подлужный мен Мансұр Бейсембай алтын медальдарға қол жеткізді. Сондай-ақ Михаил жеке сында да алдына жан салмай, Азия чемпионы атанды.